Тараздағы түзеу мекемесінде қоғамға бейімделудің оңтайлы жолдары түсіндірілді

0 1

Тараз қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЖД – 158/7 мекемесінде  «Қақпа алдында кездесу» болып өтті. Атаулы әлеуметтік жоба бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жұмысқа тартып, тұрмыстық жағдайын оңалтуға бағытталған. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Владимир Маслаков шартты түрде мерзімінен бұрын босап, дәл осы күні бостандыққа шыққан болатын. Оны қақпа алдында туыстарымен қатар бірқатар құқық қорғау және жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері келіп, күтіп алды.

Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің қызметкері жазасын өтеушіге әлеуметтік-психологиялық, құқықтық тұрғыда кеңестер берсе, қоғамға бейімделудің оңтайлы жолдарын нұсқады. Ал Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары бос жұмыс орындары бар мекеме-ұйымдардың байланыс кітапшаларын таратып, жаңа мамандық иесі атануға болатындығын айтты.

Алдағы уақытта да байланыс үзілмей, бейімдеуге байланысты бірлескен жұмыстар жалғаса бермек. Соңғы уақытта түзеу мекемесі мұндай жиындарды көптеп өткізуді дәстүрге айналдырған. Мүдде —  жазасын өтеушілерді қоғамнан оқшауламай, қайта бейімдеуге лайықты жағдай жасау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.