Өңірге жұмыс сапарымен келген Абдалы Нұралиев тараздық білімгерлермен кездесті

0 13

ҚР Парламенті Сенатының депутаты жұмыс сапарымен Абдалы Нұралиев Тараз қаласының бірқатар кәсіпорындары мен мекемелерін аралап, кездесулер өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Өз жұмысын Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағындағы мұражайды аралап, мұндағы Желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін экспонаттармен танысқаннан кейін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің білімгерлерімен кездесті.

Оқу орнының ректоры Е.Саурықов университеттің робототехника мен химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, әшекей бұйымдар жасап отырған шығармашыл студенттердің жұмыстарымен таныстырды.

Кездесу барысында Сенат депутаты А.Нұралиев Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасының қабылданған жеткізе келіп, нақты тапсырмаларға тоқталып өтті.

— Бағдарламаның басты басымдықтары азаматтардың тұрмыс деңгейін және әлеуметтік жағдайын түзетуге арналады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, таяудағы үш жылда бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн. 350 млрд. теңге бөліну жоспарлануда, бұл қаражат есебінен 2019 жылғы 1 шілдеден бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін арттыру көзделуде, сондай-ақ, көп балалы отбасыларды қолдау шаралары күшейтіліп, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады, — деді Ол.

Кездесу соңында студент жастар өздерінің сұрақтарын қойып, сенатордан тұшымды жауап алды. Одан кейін Сенат депутаты А.Нұралиев № 28 балабақша қызметкерлерімен кездесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.