Қырғызстанда Қазақстан азаматы қаза болды: министрлік түсініктеме берді

0 6

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның Шу облысында қазақстандық Атанух Шерматовтың қаза болуына қатысты түсініктеме берді.

Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Қырғызстан полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Өткен аптада Бішкек қаласы маңында көліктердің бірінен жас жігіттің денесі табылды. Ол — Қазақстан азаматы. Марқұмның мәйіті туыстарына берілді. Бастапқы деректер бойынша, қазақстандық өз-өзіне қол салған. Қаза тапқан жігіттің жанынан тапанша табылды. Ол өз-өзіне оқ атқан. Қырғызстан полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеудің қорытындысын күтейік, толық ақпаратты кейін жариялаймыз», — деді ол.

Айта кетсек, осыдан бұрын Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңындағы Қой-Таш ауылында «Мазда-6» көлігінің ішінен 20-25 жастағы жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді. Полицияның болжамы бойынша, ол өз-өзіне қол салыпты. Мәйіттің жанынан «Макаров» тапаншасы табылған. Қырғызстандық полицейлер анықтағандай, қаза тапқан адам — Қазақстан азаматы, есімі — Атанух Шерматов.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.