Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Англияға жолдама жеңіп алды

0 4

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 10-сынып оқушысы Сергей Ким – Education First (EF) білім беру компаниясы ұйымдастырған «Spelling Bee» академиялық жобасының бас жүлде иегері атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сергей Англияның оңтүстігінде орналасқан Истборн қаласында екі апталық EF тілдік курстарына қатысады. Жоба «Тілдердің үштұғырлығы» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өткізілді. Іріктеу, жарыс және жүлде кезеңдеріненен тұрған байқауға 19 зияткерлік мектептен 4000-ға жуық оқушы қатысты.

Айта кету керек, Сергей мен бірге жоба финалына Арсен Елубаев, Али Түсупов, Ақтоты Бостан, Дилназ Тұрсынбекова және Әлижан Шолпанбеков те өткен. Оқушылар байқауға Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Нағима Сәрсенбаеваның жетекшілігімен дайындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.