Білім министрі ҰБТ туралы: Балаларды стрестік жағдайға әкелмеу керек

0 1

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова ҰБТ туралы айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Біздің мақсат — бағалау жүйесін объективті, ашық, түсінікті, қолжетімді ету. Ең бастысы, осы жүйе менің нені білетінімді немесе білмейтінімді түсіну мүмкіндігін беруі тиіс. Осы тұрғыда Ұлттық бірыңғай тестілеуді қарастыру керек», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге, ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерісістер жоспарланып отырған жоқ.

«Бүгінде тиісті өзгеріс енгізу бастамасын көтеріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде процесс жүріп жатыр, біздің балаларымыз мектепті тәмамдап, ҰБТ-ны тапсыруға келеді. Сондықтан балаларды стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ. Дегенмен де біз сұрақтардың мазмұнын жетілдіру аясында жұмысты жалғастырамыз», — деді Күләш Шамшидинова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.