«Тараз» футбол клубы ең алғашқы ойынын «Қайратқа » қарсы өткізеді

0 0

«Тараз» футбол клубы 10 наурыз күні Алматыда жергілікті «Қайратқа» қарсы алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында клубтың басшысы Қанат Мұсатаев, клубтың бас жаттықтырушысы Вахид Масудов және команда капитаны Мақсат Әмірхановтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

15 наурызда тараздықтар Қостанайда «Тобылға» қарсы ойнайды. Содан кейін алғашқы үй кездесуі күтіп тұр – 30 наурыз күні клуб «Атырауға» қарсы ойын өткізеді.

Маусым басталмас бұрын команда үш оқу-жаттығу жиынын өткізді – біреуі Шымкентте және екеуі Түркияда. Жиын барысында жолдастық ойындар өткізілді, олардың мақсаты — ағымдағы жылға жаңа құрамды анықтау және ойнату болды.

Түркияның алғашқы жиынында «Тараз» өз елінің бірінші дивизионы Тунистің «Зитуни» командасын жеңді. Қазақстандық команда 7:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Швейцариялық Суперлигадан еурокубоктардың тұрақты қатысушысы «Вадуц» командасымен кездесіп, тараздықтар 0:2 есебімен есе жіберіп алды. Кейін румындық «Германштадт» командасымен тартысып, жауынгерлік жекпе-жекте — 2:2 есебімен теңесті. Түркияда қайта жаттығу жиындарында ресейлік ФНЛ «Балтика» (2:0) және украиндік «Ингулец» (1:0) командасын жеңді.

Жиын қорытындысы бойынша «Тараз» бірқатар ойыншылармен келісімге қол қойды. Тараздық команданың құрамына 26 жасар бразилиялық Еливелто, шетелдік клубтарда өнер көрсеткен 26 жасар Немания Суботич, 28 жасар Михайло Йованович, португал клубтарының жартылай қорғаушысы Сантос Мартин, грузиндік футболшылар Лаша Касрадзе және Элгуджа өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек, команданы қазақстандық Рахымжан Розыбакиев, Виктор Крюков, Жақып Қожамберды және Игорь Пикалкин толықтырды. Сонымен қатар, «Тараз» командасына жаңадан қосылған ойыншылар арасында Клубтың өз тәрбиеленушілері де бар. Бүгінгі күні команда құрамында 25 адамның 14-і клуб тәрбиеленушілері болып табылады. Бұл Премьер-Лигадағы ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ, «Тараз-М» жастар командасының оқу-жаттығу жиындары тәжік елінің Худжанте қаласында өтуде. Жиында 1999-2003 жылдары туылған 25 адам болды, оларға жақында Екінші лига біріншілігінде бастау кезегі тұр. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет «Тараз» футбол клубы жанынан 2006-2007 жылы туған қыздар командасы құрылды. Ұжымның бас жаттықтырушысы болып ҚР Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Олеся Моисеенко тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.