Мемлекеттік қызметші әйелдер арасында волейболдан турнир өтеді

0 4

Тараз қаласында үстіміздегі жылдың 7 наурыз күні «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік қызметші әйелдер арасындағы волейболдан облыстық турнир өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарыс спортпен жүйелі түрде шұғылданушы мемлекеттік әйел қызметшілер қатарын арттыру, мемлекеттік әйел қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Дүбірлі додаға 10 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 15 командадан 150-ге жуық спортшының бақ сынасуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырады.

Айта кетейік, турнирдің салтанатты ашылуы 2019 жылдың 7 наурыз күні сағат 10.00-де.

Leave A Reply

Your email address will not be published.