Таразда ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті

0 3

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстан жастары-табысты болашақтың кепілі» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отырысқа Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Аналар, Ақсақал кеңестері, этномәдени бірлестіктерінің жастары, оқытушылар қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ мен ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өткен отырыс университет ректоры, ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваның құттықтау сөздерімен басталды.

— Қазақстанның болашағы жастардың, экономикалық, саяси, рухани және қоғамдағы даму деңгейімен тығыз байланысты. Бүгінде ең маңыздысы жуық арадағы 5-10 жылдың ішінде дамудың жаңа сатысына көтерілу үшін бірінші кезекте назар аударуға тиісті мәселеллер бар. Олар: ғылым мен ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту, жас отбасылар үшін тұрғын үйді қолжетімді ету, халықтың мәдениет және білім деңгейін арттыру, бюджет бөлінетін жалақының ұлғайту, — деді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Жанғазы Молдамұратов өз баяндамасымен таныстырып.

Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігі 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін Жамбыл облысындағы этноконфессиялық жағдайды бойынша стандартталған зерттеу жұмыстарын жүзеге асырғандығын жеткізді.

— Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, жеке кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының қызметкерлері мен иелері, кәсіпкерлер мен жұмыссыздар бар. Барлығы 18 жастан асқан 1200 адамнан сауалнама алынған. Саулнамаларды өңдеу барысында 1093 сауалнама өңдеуден өтті. Оның 41,8 әйел азаматтар болса қалған 58,2 пайызы ер азаматтар. Ал зерттеу жұмысы нәтежиесінде этникалық құрамда қазақтар үлесі басымрақ. Олар – 63,9%. Орыс ұлтының үлесі — 6,7% респонденттер, ал дүнген – 6,9%, түріктер — 5,6%, өзбек – 3,1%, күрдтер — 2,0%, әзірбайжандар – 3,4%, кәрістер — 1,3%, татарлар — 2,7%, немістер — 1,8%, басқа ұлттар-4,6% құрады» -деді баяндамашы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.