Мәслихат хатшысы көп балалы ананы мерекемен құттықтады

0 5

Бүгін 8 — наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов  көп балалы ананың үйіне барып, құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Қамбарбек Құралай жолдасы екеуі 7 ұл-қызды тәрбиелеп отыр. Қазіргі уақытта бала күтімімен үйінде. Ал күйеуі «Агросервис Калибри» ЖШС жүргізуші болып жұмыс істейді.

Үлкен ұлы колледж білімгері, 2-ші қызы ТарМУ-де білім алады. Ал 3 баласы №32, 53 мектептерде оқыса, 2 ұлы үйде тәрбиеленуде. Жолдасының айлығынан бөлек мемлекет тарапынан – 16160 теңге алып отырады.

Өз кезегінде сөз алған «Алтын алқа» иегері жағдайы төмен отбасыларға көңіл бөліп, әлеуметтік көмекті арттыруға тапсырма берген Елбасыға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ата-анасының үйін паналаған бұл отбасы Тараз қаласында тұрғын үй кезегінде тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.