«Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды

0 9

«Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров, «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайрат Меклисов, Novacom Technology ЖШС директоры Индира Сатыбалдиеваның қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер «Жамбыл – адалдық алаңы» аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жарғысына сәйкес, кеңсе құрамы 8 қызметшіден жасақталды және оның басшысы болып «Панорама ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Меклисов тағайындалды (кеңсе Тараз қаласы әкімдігіне қарасты ғимаратта орналасып, тиісті материалдық техникалық құралдармен жабдықталды).

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері, бизнес қауымдастық және арнайы мониторингтік топ мүшелері қатарынан сарапшылар кеңесі құрылды (саны 7 тұлға). Жарғының тұрмыстық жемқорлықты жою блогының 7 бағыты бойынша жобалық топтардың құрамы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.