Күмістің қасиеттері туралы білесіз бе?

0 0

Күміс – адам денсаулығына өте пайдалы. Иммунитетті нығайтады, микробтардан тазартады, жүректің қызметін жақсартады, қан қысымын төмендетеді, ісіктің жойылуына көмектеседі, сондай-ақ оны тері аурулары бар адам тағып жүруі керек. Сондықтан оны медицинада да қолданады, кейбір құрал-жабдықтардың құрамына күміс қосылған.

Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген. Қазіргі кезде де әрбір үйде күмістен жасалған бұйымдар бар. Кішкентай сәбиді қырқынан шығарарда дені сау болсын деген ниетпен күміс салынған суға шомылдырады.

Осы күміс бұйымдар уақыт өте келе қарайып кетіп жатады.

Ол неліктен?

Күміске су, иісмай, тамақ, кір жуғыш құралдар тигенде, кейде сөреде жатып-ақ өзінен-өзі күңгірттеніп кетеді.

Қалай тазарту қажет?

1-тәсіл. Зергерлік дүкендерден арнайы күмістерді тазартқыш құралдарды сатып алып қою қажет.

2-тәсіл. 1 стақан суға 1 шай қасық мүсәтір, 1–2 тамшы сұйық сабын және сутегі тотығын тамызыңыз да, әбден араластырып болған соң күмісті соған 15–20 минутқа салып қойыңыз. Ағарғаннан кейін шүберекпен сүртесіз.

3-тәсіл. Егер картоптан пюре жасайтын болсаңыз, дайын болғаннан кейін суын стақанға құйып алып, суығаннан кейін күмісті саласыз.

4-тәсіл. Күміс әшекейге тас араластырып жасалмаған болса, 1 стақан суға 1 шай қасық тұз қосып, ішіне күмісті салып, 10–15 минуттай қайнатасыз.

5-тәсіл. Кәдімгі киізге де үйкелеп, тазартуға болады. Алайда қатты ысқылап, бұйымды бүлдіріп алмаңыз.

6-тәсіл. Жарты стақан суға 2 қасық 10 пайыздық сіркесу араластырып, газға қойып, жылытасыз. Осы ерітіндіге 10–15 минуттай ұстайсыз, содан соң күміс алып, күдері не мақтамен сүртесіз.

7-тәсіл. Ең оңайы: кәдімгі тіс пастасымен не ас содасымен ысқылап, кейін сумен шайып жіберсеңіз, жарқырап шыға келеді.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.