Елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін күн жылынады

0 0

Синоптиктер 12-14 наурызға ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.

«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0…+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4…10°С градусқа жоғары», — делінген хабарламада.

Ресейдің Еуропалық бөлігінен ауысып келетін атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.