Таразда грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті

0 0

Ағымдағы жылдың 1 – 4 наурыз аралығында Тараз қаласында грек-рим күресінен 1999-2001 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Чемпионатқа республиканың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 270 спортшы қатысты. Ал Жамбыл облысынан 25 спортшы қатысып, үштік үздіктен көрінді.

Жарыс қорытындысына сай Дәулет Досыбаев 97 келі мен Мейірбек Қордабай 87 келі салмақта І орынды иеленсе, Темірлан Мамытбек 63 келі салмақта ІІ орынға жайғасты. Алматбек Аманбек пен Ержан Нұртаев қос бірдей салмақта, яғни 67 келіде ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Айта кетейік, облыстық аға жаттықтырушысы — Асылжан Байзақов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.