Облыста биыл 69 297 жұмыскердің жалақысы көтеріледі

0 5

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыскерлердің ең төменгі жалақысын өсіруді тапсырған болатын. Осы орайда, биыл Жамбыл облысының 4 276 (23,9%) кәсіпорыны 69 297(72,8%) жұмыскердің жалақысын көтеруге даяр екендігін көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Есіркепов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ернар Серікәліұлының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, орташа жалақы көтергенге дейін – 44257 теңге болса, көтерілгеннен кейін 53636 теңгені құрайтын болады. Орта есеппен жалақы 9379 теңгеге немесе 21 пайызға артады. 91 ірі кәсіпорын (43300 жұмыскер), 42 орта кәсіпорын  (3877жұмыскер), 4143 шағын кәсіпорын (22120жұмыскер).

Айта кетейік, 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар 1831 (99,7%) кәсіпорын 21429 (129,6%) жұмыскердің жалақысын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42,5 мың теңгеден төмен емес деңгейге Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес көтерді.

Өңірдегі еңбек инспекциясы басқармасы мемлекеттік еңбек инспекторларымен өткен жылы 157 кәсіпорындар мен мекемелерге тексеріс жүргізіп, 150 заң бұзушылықты анықтады, оның 147 фактісі жойылды. Сонымен бірге, еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жұмыс берушілерге оларды жою туралы 75 нұсқама берілді. 66 әкімшілік шаралар қолданылды, оның ішінде 44 айыппұл, 22 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 6,06 млн. теңгені құрап, оның 5,3  млн. теңгесі өндірілді.

Сонымен қатар, осы тексерулер барысында 2018 жылы 12 кәсіпорында 2472 жұмыскерлер алдында 514,4 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2279 жұмыскердің еңбек саласындағы және жеңіл жарақат алғаны 26 адам.

Есепті кезеңде 53 арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық құқығы қорғалып, 440,3 млн. теңге жалақы қарызы өтелді. Бұл жалпы орын алған қарыздың 85,6% құрады. Еңбек саласындағы негізгі мәселелердің бірі, еңбектің қауіпсіз жағдайларына тоқталсақ, 2018 жылдың қорытындысымен облыс кәсіпорындары мен мекемелерінде 48 жазатайым оқиға орын алып  60  адам зардап шегіп, оның 10  адам өліміне әкеп соққан. Ауыр жарақат алғаны 24, орта тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған. Бұл көрсеткіштер 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға төмендеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.