Шу ауданында жаңа мұражай пайдалануға беріледі

0
39
Фото ашық дереккөзден алынды

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жария болған күннен-ақ  халық арасында жаппай қолдауға ие болды. Елбасы мақаласының негізгі мақсаты – ұрпаққа төл тарихымызды шашпай-төкпей жеткізу. Осы бағытта жүзеге асқан Шу қаласындағы аудандық мұражайдың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Досаев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігінің тілшісі.

Аталған мақаланы аудан аумағында жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күнге дейін түрлі деңгейдегі 20 іс-шара өткізіліп, оған 700-ге жуық тұрғын қатысқан.

Аудандағы мектеп оқушыларына атқа міну мәдениеті, ат әбзелдерін таныстыру, атбегілік кәсібі мен жалпы жылқы сипаты туралы мәдени-сауықтыру және түсіндіру жұмыстары сынды шараларды әр тоқсанда бір реттен өткізіп тұру жоспарлануда, – дейді аудан әкімі.

Айтуынша, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі аясында елді мекендерден экспонаттар жинау жұмыстары қолға алынған.

– Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын көптеген спорттық ойындарды да жаңғыртып, арнайы жүлделер тігіледі. Бұның бәрі де Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мақсат-міндеттердің бір бөлшегі ғана. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жанданып, бірқатар жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, – дейді Қайрат Досаев.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here