Жамбылда 10 миллион түп гүл өсіріліп жатыр

0 1

Жамбыл облысында гүл бизнесі дамып келеді. Қазір аймақ кәсіпкерлері еліміздің ірі 10 шаһарын гүлмен қамтамасыз етіп отыр. Тіпті, шетелден импортталатын экзотикалық өсімдіктер де өсіріле бастады. Күтіп-баптаудың тың технологиясын жергілікті тұрғындар меңгеріп, отандық гүлдер ішкі нарыққа шығарылып жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Римма Анабекова, Кәсіпкер: 

— Тофқа егеміз. Торфты Германия, Голландиядан алып келеміз. Россиядан алып келеміз. Өйткені торфта гүл өзінің бар әдемілігін көрсетіп, ауырмай жақсы өседі. Және басқа қалаларға алып барған кезде онша ауырмайды. Тура сол өсіп жатқан торфпен алып, жерге егеміз. Өйткені қалада топырақтары, жерлері әртүрлі болады

Жамбылдық гүлдерге сұраныс жыл санап артып келеді. Гүлдер сапасы мен қоршаған ортаға тез бейімделуімен ерекшеленеді. Бірақ ұрығы Голландиядан жеткізіледі. «Сондықтан бұл нарық бағасына әсер етеді», дейді кәсіпкер. Ол жергілікті агрономдарды шетелге оқуға жіберіп, тың технологияны меңгеріп келді. Осының арқасында қазір импорталатын экзотикалық гүлдердің 30 проценті өздерінде өсіріледі.

Жылыжайларда гүл қысы-жазы өсіріледі. 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусым кезінде 400-ге жуық тұрғын еңбекке тартылады.

Рыскүл Диарова, жұмысшы:

— Біз осы гүлді ұрықтан шашып, осы халге дейін жеткіземіз. Қазір міне гүлдің ортасындағы өзегін жұлып тастап жатырмыз.  гүліміз әдемі жайқалып өсуі үшін. Ал өзегін алмасақ гүл сериіп өсіп кетеді.

Жуырда жазғы жылыжайларға гүл отырғызу жұмыстары басталады. Ал, қыстай өсіп жетілгендері Елордадан бастап, Алматы, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан облыстарына жөнелтіледі.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.