7-20-25 бағдарлама шеңберінде 362 пәтер сатылады

0 3

Таразда 7-20-25 бағдарламасы аясында Арай мөлтек ауданында 90 пәтер, 15 мөлтек ауданда 272 пәтер жалпы 362 пәтер сатылады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ағабек Мырзабековтің қатысуымен өткен конференцияда айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ҚР Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған бірінші бастамасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы міндеттерін іске асыру мақсатында, 2018 жылдың 31 мамырында «7-20-25 ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы, ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының қаулысымен бекітілді.

Жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi бюджеттердiң тиiстi қаржы жылына әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiн ескеріп, жыл сайын бюджеттiк қарыз түрiнде әлеуметтiк көмек түрiнде тұрғын үй сертификаттарын берудi айқындайды. 7-20-25 бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын облыста енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевпен бекітіліп, жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ, әрбір жеке жағдайда әлеуетті өтінім берушіге тұрғын үй сертификаттарының мөлшері кепілдікті қамтамасыз ету құнының бастапқы жарнасының 50 %-ын жабуды ескере отырып айқындалады, бірақ миллион теңгеден артық емес. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітіледі. Өтiнiш берушi ипотекалық бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйдi өткізетін ұйымдарға дербес өтiнiш жасайды.

Сонымен қатар, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекте тұрған адамдарға сауалнама жүргізіліп, бүгінгі күнге жалпы 2700 адам бағдарлама аясында пәтер алуға қарсы емес екендігі және облыс бойынша тізбеге міндетті түрде кіретін санаттар арасынан 3400 адам туралы ниет білдіргені анықталған болатын.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 10 үй салынып, оның 50 пайызы 7-20-25 бағдарлама шеңберінде сатылу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.