Отандық өнімдерді экспорттау ісі жеңілдейді

0 1

Қазақстан тауарларын Иранға экспорттау жеңілдейді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім қаралды. Құжатты таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бастама экспорт көлемін арттырып, тауар айналымын жеңілдететінін айтады. Оның ішінде елімізден Иранға жеткізілетін арпа, болат, рапс тұқымы және қой еттеріне баж ставкалары төмендейді. Арнайы тізімде 864 өнім түрі бар. Сәйкесінше, Ираннан келетін тауарларға да жеңілдетілген тариф қарастырылмақ.

Айта кетейік, өткен жылы Иранмен өзара сауда көлемі 516 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде 426 млн доллар отандық экспортқа тиесілі.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Бұл келісімді іске асыру отандық тауарларды 80 миллионнан астам халқы бар Иранның перспективті нарығына шығару арқылы олардың экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда осындай келісім экспортты әлемдік нарыққа шығару тетіктерінің бірі болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.