Байзақ ауданының полицейлері оқушылармен дөңгелек үстел өткізді

0 0

Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, құқықтық кеңес беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жасөспірімдердің бөтеннің мүлкін ұрлау, кәмелетке толмағандардың суицидтік іс-әрекеттері және жастар арасында есірткіге тәуелділік туралы бейнероликтер мен сюжеттер көрсетілді.

Сондай-ақ, оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген балаларға кеңес берді. Кездесу барысында ең өзекті тақырыптар мен пікірлер тыңдалды.

Осы бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес өз жалғасын табуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.