Елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді

0 1

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді, — деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

«Барлық арнайы ХҚКО мен тіркеу-емтихан бөлімшесінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер штаттық тәртіпте көрсетіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Еске салайық, кеше, 13 наурызда елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметінің уақытша тоқтатылғаны жайлы хабарланған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.