Таразда Наурыз мерекесі «Амал» күнімен басталды

0 4

Бүгін Таразда Наурыз мерекесі «Амал» («Көрісу») күнімен басталды. Қалалық мәдениет үйінің алдында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мереке шымылдығы Тараз Мемлекеттік университетінің «Дулати» жастар театрының әртістері «Амал », «Көрісу» театрландырылған көрінісімен ашылды. Сондай-ақ, Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

Айтулы мерекеде қаламыздың құрметті азаматтары бата берді, ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, шашу шашылды. Іс-шара соңы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, «Амал» («Көрісу») күні амандық-саулық сұрасып, үлкен-кіші қыстан аман-есен шығып, Әз Наурызға аман-есен жеткенінен шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектер айтатын күн. Көрісу — тек адамдар амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес түрлі форматтағы «Көрісу» күніне орайластырылған іс-шара, сондай-ақ үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі іс-шара.

Әулиеата жұртшылығы үшін бүгіннен бастау алған мерекелік көңіл күй 9 күнге жалғаспақ. Яғни, аптаның әр күні, «Тағзым күні», «Алас күні», «Мейірім күні», «Ынтымақ күні», «Жаңғыру», «Береке күні», «Ұлыстың Ұлы күні» және «Жаңа күн» болып белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.