Теріні ылғалдандыру әдісі

0
238

Ылғалдандыру – тері әдемілігіндегі маңызды шарт. Егер теріде ылғал аз болса, кез келген косметиканың пайдасы шамалы болады, ал сәндік косметика тері жағдайын нашарлатады. Жақсы ылғалдандырылған тері тегіс әрі жұмсақ болып, әжімдер мен дақтар сирек кездеседі. Терінің күңгірт және бос болуы оған ылғал жетіспейтінін білдіреді.

Теріге ылғал жетіспейтіндігін қалай білуге болады?

Теріге ылғал жетіспейтіндігін құрғақтықтан және қабыршақтанудан, таңертең ұйқыдан тұрғанда теріде төсектің іздері қалып қоюынан да білуге болады. Косметологтар теріні ылғалдандырудың екі негізгі жолын айтады. Оған теріні ішкі және сыртқы ылғалдандыру жатады.

Ішкі ылғалдандыруды осмостық деп атайды. Біз ішкен су қантамырлар арқылы тері жасушасына өтіп, оны гиалурондық қышқыл молекулалары ұстап тұрады. Тері жеткілікті мөлшерде ылғал алуы үшін күніне 1,5-2 л таза су ішу керек.

Келесі тиімді әдіс – сыртқы ылғалдандыру. Оған су және басқа да процедуралар, денеге және бет терісіне арналған ылғалдандырушы косметика жатады.

Теріде жеткілікті түрде ылғал болуы үшін мына қағидаларды ұстаныңыз:

– Ылғал тері болуы үшін күніне 2 л су ішуді ұмытпаңыз. Ағзаға еріген су жақсы әсерін береді. Ол үшін суды мұздатқышта қатырып, содан соң оны ерітіп, сүзіп алу керек.

– Суды тамақтанудан соң немесе тамақ ішіп отырғанда емес, тамақтанудан жарты сағат бұрын ішкен жөн. Суды аз-аздан жұтып, асықпай ішу керек. Ұйықтар алдында су ішпеген дұрыс.  – Бетіңізге әлсін-әлсін салқындау су шашып тұрыңыз.

– Таңертең және ұйықтар алдында бетіңізді мұз текшелерімен сүртіп тұрыңыз. Оны қарапайым суды немесе шөптер бұқтырмасын қатырып, дайындауға болады.

– Бетіңізді жуған сайын сүлгімен сүртінбеңіз. Тері өздігінен кепкені дұрыс.

– Тамақтануыңызды қадағалау керек. Тамақтану үлесіңізде күрделі көмірсулар көп болса, терідегі ылғалдық мөлшері де жоғарылайды.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here