Әулиеата жерінде «Тағзым» күні аталып өтуде

0 2

Биылғы жылы Жамбыл облысы «Наурыз» мейрамын арнайы бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 14-21 наурыз аралығында 9 күн бойы әр тақырыпта атап өтуде. Сол атаулы күндердің бірі, бүгінгі 15 наурыз – «Тағзым» күні болып белгіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Өлі  разы болмай тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата-бабалар рухына тағзым ету маңызды. Сондықтан, бұл күні мешіттерде арнайы құран бағышталып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Отан қорғаушыларға арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылуда.

Атап айтар болсақ, Б.Момышұлы ескерткішіне, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш, Чернобыль атом  электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған  ескерткіш, Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіш, А.Сухамбаев ескерткіші, Ы.Сүлейменов ескерткіші, З.Космодемьянская ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады.

Еске сала кетейік, Әулиеата жұртшылығы күні кеше «Амал» («Көрісу») күні атап өткен болатын. Мерекеге орай, шаһарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал «Наурыз» мерекесі алдағы күндері “Алас күні”, “Мейірім күні”, “Ынтымақ күні”, “Жаңғыру”, “Береке күні”, “Ұлыстың Ұлы күні” және “Жаңа күн” болып жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.