Облыста мал ұрлығына тосқауыл күшейтілді

0 3
Жамбыл облысы аумағынан мал ұрлап көршілес Қырғыз еліне тасымалдап, ол жақтан өңірге шекара арқылы заңсыз өткізуде. Заңды белінен басқандарға тосқауыл күшейтіліп, шекара күзетшілерінің жұмысы ширатылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 
Айта кету керек, Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «2035»  әскери бөлімі мемлекеттік шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін атқарады. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы шекара қызметінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі де осы – қолды болған малдардың мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізілуі.
Арнайы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз шекара жасағы сарбаздарының көмегімен 18 мал ұрлығының жолы кесіліпті, яғни  439 жылқы мен 40 ірі қара малы иелеріне қайтарылған.
— Меркі ауданында Гранитогорск елдімекен маңынан 47 бас ірі қара мал ұсталды. Біз біріншіден,  мал басын ұстау арқылы аурудың таралуына жол бермейміз. Екіншіден, заңсыздыққа жол бермейміз. Сондықтан, біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз, — дейді 2035 әскери бөлімінің командирі Әмірбек Әкімбеков.
Дереккөз: Jambyl TV
Leave A Reply

Your email address will not be published.