Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 0

Синоптиктер 2019 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа-райын болжамын жасады деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа температурасы климаттық нормадан 5…13°С жоғары аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон жылжып, республиканың көптеген облыстарында температураның төмендеуін тудырады.

Бірақ антициклон кіруінің алдында Қазақстан арқылы жылжыйтын суық атмосфералық фронттармен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбызғы қар, желдің күшеюі және әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз көрінуі 500м нашарлайтын тұман күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.