Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

0 1

2019 жылдың 14-21наурыз аралығында «Наурыз» мейрамына орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!

— 16 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап «Алас» күні аясында қала аумағында жалпы қалалық сенбілік жұмыстары мен тал отырғызу рәсімдері өтеді.

— 18 наурыз күні сағат 11.00-де «Ынтымақ» күні аясында «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында «Қош келдің – Әз, Наурыз» атты іс-шара, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті саябағында этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы болады.

— 19 наурыз күні «Жаңғыру» күні аясында перзентханаларда жаңадан туылған нәрестелерді арнайы құттықтау рәсімі өткізіледі.

— 20 наурыз күні сағат 10.00-ден бастап «Береке» күні аясында коммуналдық базарда, «Құмшағал» және «Қант зауыты» алқабында төмендетілген бағамен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

— 21 наурыз күні сағат 10.00-де «Жастар» аллеясындағы «Білім» алаңының, «Жастар» қабілет орталығының, «Кітап» ескерткішінің, Ұлы даланың елі мен жерін сүйген, тарихы мен салт-дәстүрін ардақтаған, ар-намысы мен адал махаббатты ту еткен ұл-қыздарына арналған стелланың, «Сахна» алаңшасының ашылуы, театрландырылған көрініс, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татуға болады.

Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздары Бағдат Самединова, Әділ мен Дана, Алишер Каримов, Серікбол Сайлаубек, Еркін Нұржанов, Құрмаш Маханов, Ернар Айдардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама әзірленуде.

Сонымен қатар, Желтоқсан көшесінің бойында «Киіз үйлер» қалашығы бой көтеріп, Қайрат Рысқұлбеков саябағындағы балалар алаңшасында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылатын болады.

Келіңіздер, көріңіздер!

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.