«Наурыз» мейрамына орай көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады

0 0

2019 жылдың 19-22 наурыз аралығында «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына орай Желтоқсан (Төле би даңғылы мен Сүлейменов көшесінің аралығы) және Сүлейменов (Абай даңғылы мен Желтоқсан көшесінің аралығы) көшелерінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Қалалық №№12,17,32 автобустардың бағыттары Қойгелді көшесі арқылы (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), ары қарай №№7,23,44 автобустардың бағыттарымен қатар Желтоқсан мен Пушкин көшелері арқылы қатынайтын болады. Уақытша көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.