Таразда «Ынтымақ» күні өткізіледі

0 2

18 наурыз күні Достық үйі және Тұңғыш Президент саябағында «Қош келдің, әз — Наурыз!» мерекесі аясында «Ынтымақ» күні өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, көп балалы аналар, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, суретшілер және қолөнер шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, қала қонақтары мен тұрғындары, «Дулати жастары» жастар театры, Тараз қаласы білім және спорт бөлімдері, жалпы саны 3500 астам адам қатысады деп күтілуде.

Ғимараттың алдына киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылады. Сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық, ләңгі және тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сый-сияпаттар берілетін болвдыі. Көне Тараз тарихи-мәдени орталығының ашық алаңында этномәдени бірлестіктердің суретшілер мен қолөнер шеберлердің көрмесі және мастер класс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, достық үйі ғимаратының алдында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, қарттар, жалғызбасты аналар және қала тұрғындары мен қонақтарға арналған киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. Қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған күнтізбесі бойынша «Шашу» акциясы өткізіліп, ұлттық тағамдар наурыз көже, бауырсақ, құймақ және палау дайындалады және көпшілікке таратылады. Және әр этностың құрметті қариялары бата беріп, аналар шашу шашады.

Айта кетейік, 16:00 де жалғасын табатын іс-шарада облыс этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, қоғамдық пікір көшбасшылары мен меценаттар құттықтау сөз сөйлейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.