«Күніне екі жұмыртқадан артық жемеңіз». Ғалымдар дабыл қақты

0 0

Үш-төрт жұмыртқаның құрамында 550-ден 750 миллиграмға дейін холестерин бар. Америкалық ғалымдардың айтуынша, күніне екі жұмыртқадан артық жеу жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу тәуекелін арттырады.

Чикагоның Солтүстік-батыс университеті профилактикалық медицина департаментінің мамандары арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде күніне үш-төрт жұмыртқадан артық жеу адамның өміріне қауіп төндіретіні анықталды, деп хабарлайды CNN.Америка медицина қауымдастығының журналында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, үш-төрт жұмыртқаның құрамында 550-ден 750 миллиграмға дейін холестерин бар (бір жұмыртқада орта есеппен 186 мг).

Сондықтан күніне екі жұмыртқадан артық жейтін адамдардың ағзасында холестериннің орташа тәуліктік нормасы 60%-ке асып кетеді. Ал бұл адамның жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуына әкеп соғуы мүмкін.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, әрбір 300 мг холестерин жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу тәуекелін 3,2%-ке, ал ерте өлім қаупін 4,4%-ке арттырады екен. Күніне желінген әрбір жарты жұмыртқа ауруға шалдығу қатерін 1,1%-ке арттыратын көрінеді.

Мамандардың зерттеу жұмысына 29 мың адам қатысты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.