Жамбылдық жастар ардагерлерге көмек көрсетті

0 1

Тараз қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы бір топ ерікті студенттермен бірігіп, «Тағзым күні» мерекесіне орай облыс орталығында тұратын ҰОС-ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға көмек көрсетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ерікті жастар алдымен Асанбай Асқаров көшесінде тұратын жалғызбасты ана әрі мүмкіндігі шектеулі жан Елена Исмайлованың үйіне барды. Жастарды жылы шыраймен қарсы алған үй иесін келе жатқан мерекесімен құттықтаған еріктілер тобы бірден талдардың түбін қопсыту, әктеп-сөктеу, жер аудару, терезе жуу, есік алдын сыпыру секілді жұмыстармен айналысып кетті. Наурыз мерекесі қарсаңындағы тағзым күні дәл осындай іс-шара ұйымдастырған жастарға алғысын жаудырған қарт ана өзі мұндай жұмыстарды істей алмайтындығын айтты. Жалпы, қайырымды іс жасаумен айналысып жүрген жастар бүгін Тараз қаласындағы дәл осындай 10 отбасының үйіне кіріп шыққан.

Абзал ЕСІРКЕПОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Біздің орталықтың жастары осы үйге келіп, қолымыздан келген барлық жұмыстарымызды жасап жатырмыз. Волонтерларымыздың мұндағы атқаратын көмегі үй тазалау, есік алдындағы қоқыстарды шығару, үй, талдарын әктеу. Осындай үй тұрмысындағы жұмыстарды атқарып келеміз.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.