Жамбылда «Жастар» аллеясы пайдалануға беріледі

0 2

Жамбыл облысында 21 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында күрделі жөндеуден өткен  «Жастар» аллеясы пайдалануға беріледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, сол күні аталған саябақта «Махаббат» аллеясы, «Білім» алаңы, «Жастар» интернет-кафесі, «Кітап» және “Сахна” алаңшасы ашылады.

Мереке күні «Жастар» аллеясы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» бөлімін айшықтайтын театрландырылған көрініспен ашылып, 700-ге жуық өнерпаздардың қатысуымен «Көктем» хореографиялық композициясы және домбырашылар, қобызшы, дауылпазшылардың қатысуымен күй орындау шеберліктерін көрсететін композициялар ұсынылады.

Бұдан бөлек, ұлттық спорт ойындары, алтыбақан, қолөнер көрмелері ұйымдастырылады.

Тағы бір айта кетерлігі, айтулы күні Қазақстан эстрада жұлдыздары Бағдат Самединова, Әділ мен Дана, Алишер Каримов, Әбдіғаппар Әлқожа, Серікбол Сайлаубек және Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылып, кеш соңы мерекелік от шашуға ұласады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.