Биыл Жамбыл облысында 40 медициналық нысан салынады

0 1

Биыл Жамбыл облысында медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ. Жоспар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, Тараз қаласында жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы жобаның құны 13,9 миллиард теңге. Оның биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 милиардтан астам қаржы бөлінген.

Мадияр Байымбетов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

— Жекеменшік әріптестік аясында іске асыру кезінде біршара қаржыны үнемдеуге алып келеді. Медициналық тіректік құрылысын бюджет есебінен салу кезінде жалпы 50 миллионнан жоғары құнды құраған. Осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20-25 миллион теңгенің төңірегінде қаржы жұмсалып отыр.

Айта кетейік, бүігнде өңірде заманауи алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарына зәру 65 елді мекен бар. Тіпті мұндай медициналық нысандар мүлдем жоқ ауылдар да тіркелген. Өзекті  мәселені шешу үшін өңірде 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Қазір жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Мамандар бұл әлдеқайда тиімді деп отыр.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Жол картасы бойынша былтыр біз 39 нысан алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік. Оның ішінде 30-ы жекеменшік-әріптестік аясында. 2020 жылы 25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 10 пайызды қамтитын болады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.