Таразда «Ынтымақ» күні аталып өтті

0 1

Бүгін Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Қош келдің, әз – Наурыз!» мерекесі аясында «Ынтымақ» күні өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шарада облыс этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, қоғамдық пікір көшбасшылары мен меценаттар құттықтау сөз сөйледі.

— Наурыз мейрамы осы жылы ерекше өтуде. Биыл жастар жылы болғандықтан жасаған ісіміз жастарға үлгі болуы керек. Әрбір ұлттың дәстүрін жастарға насихат ету, жастарға қалдыру біздің міндетіміз. Елбасымыз айтқандай Рухани жаңғыру процессі осы қазірден бастау алады. Сол себептен бүгінгі «Ынтымақ» күнінің алар орны ерекше, — деді М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Парида Мамедова.

Айта кетейік, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар, Ақсақалдар мен Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, көп балалы аналар, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, суретшілер және қолөнер шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, қала қонақтары мен тұрғындары, жалпы саны 3500 астам адам қатысқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.