Бақтияр Көпбосынов жаңа қызметке тағайындалды

0 44

Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Бақтияр Көпбосынов тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бақтияр Бейсембайұлы Көпбосынов 1964 жылы дүниеге келген.

1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және 2005 жылы «Әулие-Ата» университетін «қаржы бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл ет комбинатында сараптаушы болып бастаған.

1987 – 1991 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында кафедра ассистенті, мұғалімі, комсомол комитетінің хатшысы, 1991 – 2006 жылдары бизнес құрылымдарда басшы, 2006-2008 жылдары «АСАР» Республикалық  партиясының Жамбыл облыстық филиалының партия хатшысы,  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2008-2010 жылдары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының орынбасары, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болды. 2013-2016 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің қызметін атқарған.

Ал 2016 жылдың шілде айынан бастап Жуалы ауданы әкімі қызметінде болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.