Жоғарғы лауазымды қызметкерлердің жұмыс алгоритмдері бекітілді

0 0

Жуырда облыс әкімінің орынбасарларының, аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдері бекітілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржан Календеров, құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Аслан Оразбековтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мемлекет басшысының өткенкізген «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде «Бақуатты қоғам: он-жылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын жариялаған болатын. Онда Елбасы барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысын жандандыруға баса мән бергені белгілі.

Елбасы өз сөзінде: «Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер бүкіл әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешулері тиіс және жалған көрсеткіштерді қумаулары керек. Өйткені әр өңір стратегиялық тұрғыдан маңызды. Еліміздің өңірлік өмір сапасының жаңартылған стандарттарына негізделген Жаңа карта қалыптастыру қажет» деп қадап айтты.

Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен өткен жылдан бері қолға алынған болатын. Аталған жаңа жүйе талданып, талқыланып, өңір басшысының ағымдағы жылдың 13 наурыздағы №70-ө өкімімен бекітілді. Ол бойынша, облыс әкімінің орынбасарларынан бастап аудан, қала және ауылдық округ әкімдері де өз жұмысының нәтижелілігін көтеру қажет.

— Елбасы айтқандай барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа жақын болып, әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешу, жалған көрсеткіштен аулақ болу секілді талаптар аталған жұмыс алгоритімінде жан-жақты қамтылған, — деді Нұржан Сәбитұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.