Наурыз мерекесіне орай 26 қызметкер марапатталды

0 0

Тараз қаласы Полиция басқармасында 22 Наурыз — «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізіліп, 26 қызметкерге «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметтері үшін» II және III дәрежелі медальдар табысталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Жамбыл облыстық филиалының бас сарапшысы Альбина Тапаева, Тараз қаласы Полиция басқарасының басшы және жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ, шара барысында «Наурыз мерекесін» өткізудің тарихы мен әр халықтың дәстүрлері туралы дәріс оқылды.

Сонымен қатар, Полиция басқармасында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау дәстүрге айналған. Осы тұрғыда Тараз қаласы Шөлдала елдімекенінің тұрғындары, 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына қажетті азық-түліктермен көмек көрсетілсе, басқарманың бес техникалық жұмысшыларына материалдық көмек берілді.

Өз кезегінде «Батыр ана»  басқарманың басшылығы мен жеке құрамына аналық алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара бөлімшелердің салтанатты саптық шеруімен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.