Мамин Астананың не себепті Нұр-Сұлтан болып өзгертілгенін түсіндірді

0 1

Асқар Мамин Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуінің басты себебін ашып түсіндірді. Оған қоса, премьер-министр елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын жеткізген, деп жазады «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған «ZhambylNews» AA.

Асқар Маминнің сөзінше, «мемлекетіміздің негізін қалаушысының есімі мен оның жаңа астанасын тарихқа жазып қалдыру — ұрпақтар алдындағы міндетіміз».

Премьер-министрдің мәләмдеуінше, Елбасының «Астананың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» атты бағдарламасының арқасында елорда мен басқа өңірлер елеулі түрде дами түсті. Бұл халықаралық қоғамдағы Қазақстанның беделін арттыруға өз септігін тигізді.

Премьер-министр астананың жаңа атауы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, үлкен мақсаттарды белгілемек. Оған қоса, Мамин қала тұрғындары бәрібір де астаналықтар болып қалатынын жеткізді.

«Себебі Нұр-Сұлтан — Қазақстанның астанасы» , — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.