Арнаулы әлеуметтік орталық қызметкерлері Тараз жұртшылығына наурыз көже таратты

0 2

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде Тараз шаһарының төрінде «Орталық Атшабар» аланыңда «№51 Бәйтерек бастауыш  партия ұйымының» ұйымдастыруымен «№4 және 5-ші Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ  қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына ұлттық тағам түрі «Наурыз көжеден» бастап барлық тағам түрлері әзірленіп, жиналған 300 адамға тарту етілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әулиеата жұртшылығы Наурыз мерекесін жақсы деңгейде қарсы алды. Барынша қызықты тойланып, жоғарғы деңгейде аталынып өтті.

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау және көне мейрамы. Наурыз мерекесін  тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында  бағзы замандарардан орын алған. Ал дәстүрлі  қазақ халқы үшін Ұлыстың ұлы күні жыл басы болып саналады. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Жақсы дәстүр  бойынша, бұл күні біз бір-бірімізді қателіктеріміз үшін кешіріп, бақыт пен жақсылық тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.