Жамбылда жас мамандар жұмыспен қамтылуда

0 4

Жамбылда жастар жылында жас мамандар жұмыспен қамтылуда.  Мәселен, Шу ауданына қарасты Алға ауылдық округіне жыл басынан бері үш жоғарғы білімді қызметкер жұмысқа келген. Олар бүгінде өңірдің медицина, білім және мәдениет саласында еңбек етуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Соңғы үш жылда ауылда ашылған жаңа нысандардың бірі дәрігерлік амбулатория. Бұл медицина мекемесінде жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі жоғарғы білімді жастар. Олар Алғадағы 3000-нан астам халықтың денсаулығын қадағалап отырады.  Мәселен,  жас маман Шынар Қабылова жұмысты ауылдан бастағанның пайдасы көп  дейді.

Шынар ҚАБЫЛОВА, ЖАС МАМАН:

— «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдік. Қазіргі таңда жас мамандарға мемлекет тарапынан әсіресе, медицина саласы мамандарына көптеп жағдай жасалып жатыр.Сол мүмкіндікті пайдаланып, осында жұмысқа келдік.

Былтырғы жылы Алға ауылында 409 млн. теңгеге 150-орындық жаңа мектеп салынды. Бұрын ескі мектепте білім алатын ауыл балалары үшін, бөлмелері кең әрі материалдық-техникалық базасы жетілген оқу орынында сабақ оқу көптен күткен қуаныш.

Алға ауылдық округінде жаңа білім нысанын салумен қатар, жастардың уақытын тиімді өткізу масқатында бұрынғы ескі мәдениет үйін  толық күрделі жөндеуден өткізді. Мұнда қазір іс-шаралар өткізуге арналған үлкен зал, музыка бөлмесі мен кітапхана бар. Осы салаға да жас мамандарды тарту жағы қарастырылып жатыр.

Жалпы, жастар жылында жастардың ауылға барып, өз туған өлкесін көтеруге ат салысып жатқандығы қуантады дейді сала мамандары. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойына жалғаса бермекші.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.