Премьер-министр жастарды баспанамен қамтуды тапсырды

0 2

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин сейсенбідегі Үкімет отырысында Жастар жылына байланысты әріптестеріне бірқатар тапсырма берді.  

«Осы құжатқа сәйкес жастарды сапалы әрі қолжетімді біліммен, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етуге, жас отбасыларды қолдауға бағытталған бірқатар нақты шара көзделген. Ол өте маңызды қадам. Бірқатар мәселеге назар аудару керек. Бірінші, әкімдіктер тиісті министрліктермен бірге жастарға жыл сайын кемінде 1000 жалдамалы пәтер беру құралын айқындау жөнінде жұмысты күшейту керек», — деп айтты ҚР Премьер-министрі.

Сондай-ақ, Асқар Мамин жастарды жұмыспен қамту мәселесін бақылауда ұстап, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Жол картасында жұмыс істемейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға «Жас кәсіпкер» жобасы ішінде микрокредиттер мен гранттар беру жөнінде бірқатар шара көзделген және аталған шараға 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.