Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісім қабылданды

0 3

ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. 

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов қараудағы келісім 2019 жылға арналғанын атап өтті. Ол макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіруге бағытталған. Елбасы тапсырмасына сәйкес тиісті реформаларды іске асыру үшін өте маңызды келісім. 2019 жылға арналса да, ұзақ мерзімге тиісті керек трендтерді орнатуға мүмкіндік береді. Ең бастысы Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы саясатты үйлестіруге бағытталған. Өзара іс-қимыл ең негізгі бағыттарды қамтиды. Осы келісімді іске асыру үшін тиісті жол картасы әзірленетін болады.

Премьер Асқар Мамин Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы өзара іс-қимыл тұңғыш рет келісім ретінде рәсімделіп отырғанын айтты.

«Бұл бірлескен жұмыстың жаңа форматы деп айтуға болады. Экономикалық өсуге жәрдемдесуге өзара іс-әрекет белгіленді. Келісімнің іске асуы арқасында экономикалық өсім және халықтың тұрмыс сапасын арттыру қамтамасыз етіледі. Осы міндетті орындау мақсатында ақша-кредит, валюталық, фискалдық және макроэкономикалық болжам жағынан нарыққа нақты белгі беріледі», — деді ол.

Үкімет мүшелері осыған байланысты тиісті қаулы жобасына дауыс беріп, қолдау тапты.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.