Таразда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдары табыс етілді

0 3

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарын табыс етті, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 27 ақпандағы № 863 Жарлығымен Тараз қаласы бойынша 8 ана алтын, 16 ана күміс алқамен марапатталған болатын.

Қала әкімінің орынбасары Кенжебек Мамашбайұлы көпбалалы аналарға үкімет тарапынан көп көңіл бөлініп, 1-ші сәуірден тағайындалатын жәрдемақы мөлшерінің көбейгендігін, басқа жеңілдіктердің қарастырылып жатқандығын жеткізді.

Аналарды марапаттарымен құттықтап, иықтарына ақ жаулық жапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.