Жамбылдық оқушылар жыр жаттып жарысуда

0 0

Жамбыл облысында 6-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау жазған нұсқасын мүдірмей айтып шығуы тиіс. «Қобыланды батыр» жырын жаттап, оны мүдірмей жеткізген оқушыға 1 млн теңге берілмек.

Аталшым байқау оқушыларға өзінің, мұғалімі мен мектебінің атын шығаруға үлкен мүмкіндік береді. Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енуі де әбден мүмкін. 107 бет, яғни 3 627 қатардан тұратын жырды жаттау еңбек пен табандылықты талап етеді.

Айта кетейік, «Qazaq epos» қоғамдық қоры ұйымдасырған бірегей байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – сәуірде өтетін аудандық байқау. Бұдан кейін қатысушылар мамыр айында облыс бойынша бақ сынайды. Ал маусым-шілде айларында республикалық кезең ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.