Қазақстанда сәуірдің басы жылы болады — синоптиктер

0 3

Сәуір айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жылы болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Апталық ауа райы болжамына сәйкес, 2019 жылғы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Қазақстан аумағының басым бөлігінде күндіз де, түнде де ауа температурасы көтеріледі», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр молынан жаууы мүмкін. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жауатын жаңбыр мөлшері 15-20 мм айналасында болады.

21-28 наурыз аралығында NASA спутниктерінен алынған суреттерді өңдеу нәтижесінде, Қазгидромет Қазақстан аумағындағы қар жамылғысы 25% қысқарғанын анықтады.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының жазықтағы су айдындарындағы судың көлемі орташа 40-60%, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстанда 70-85% азайды», — дейді синоптиктер.

Оңтүстіктен циклонның келуі, күндіз, кейде түнде де ауа температурасының біршама жоғары болуы, 27-28 наурыз күндері 13 мм-ге дейін жаңбыр жаууы қарды жылдам ерітіп, Қарағанды облысындағы өзендер жағасындағы шабындықтардың су астында қалуына себепші болды.

Синоптиктердің айтуынша, жазықтықтардағы өзендердің апталық гидрологиялық болжамы 85% дәл келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.