Сарысу ауданында республикалық тал егу акциясы өтті

0 2

Бүгін Сарысу ауданында республикалық тал егу акциясы болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Сарысулықтар акция аясында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бастап таңсәріден тал егу жұмысын қарқынды өткізді. Ортақ іске барлық мекеме-кәсіпорындар, бірнеше техника жұмылдырылып, ауданды абаттандыру, көгалдандыру жұмысына айрықша атсалысты.

Сондай-ақ, ауданда сенбілік жұмыстары апта сайын жүргізіліп, тазалық шараларына үлкен мән берілуде. Көктемнің сәуір айы көгалдандыруға қолайлы болғандықтан, сарысулықтар бұл шақты тиімді пайдаланып, аудан орталығымен қоса, елді мекендерді де көріктендіруге өзіндік үлестерін қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.