Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

0 15

Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне Жанат Жұмаділдаев, төраға орынбасары болып Мағия Тоқсанбаева сайланды. Бұл туралы аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және ардагерлер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесі пленумының кеңейтілген отырысында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кеңейтілген отырыста аудан әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері және оларға теңестірілгендер, егде жастағы басқа да кісілердің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында ауданда қолайлы жағдай жасалғандығына тілге тиек етті.

Айта кетейік, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде іс атқарған Құдайберді Аблашұлының еңбегі өте көп. Төраға басшылық жасаған жылдары аудан ардагерлері үшін бұқаралық спорт түрлеріне деген қолжетімділік артқан болатын. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын тұрақты түрде ойнауға, газет-журналдар оқуға, тренажерлық залда жаттығуға жағдай жасалған.

Одан бөлек, қала және ауылдық округ ардагерлері арасында тұрақты түрде футболдан және волейболдан жарыстар, түрлі эстафеталық ойындар ұйымдастырылып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.