Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жуалылық тұрғындармен кездесті

0 5

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жуалылық тұрғындармен кездесті. Аудандағы №1 мектеп гимназиясында өткен кездесуге 100-ден аса адам қатысты. Онда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселесі сөз болып, талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, қазіргі таңда ауданда 1819 көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 92. Бұған дейін аудан бойынша 1796 отбасы немесе 9272 адам атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, енді олардың қатары айтарлықтай өсіп отыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек заңына өзгерістер енуіне сәйкес және күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызға көтерілуіне байланысты аталмыш көмекпен 2500 отбасы немесе 12828 адамды қамту жоспарлануда.

Тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдаған өңір басшысы қажетті көмектердің барлығы мүмкіндігінше жасалатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.