Синоптиктер сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты

0 6

«Қазгидромет» РМК сәуір айындағы ауа райына консультативтік болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, айдың бірінші және екінші онкүндігінде күн суытады.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, сәуір айында ауа температурасы солтүстікте климаттық норма шегінде, ал оңтүстікте нормадан 1°С жоғары болады деп болжанып отыр. 

Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің алғашқы жартысында солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы -3…-8°С, кей жерлерде -11°С дейін төмендейді, күндіз 0…5°С, кей жерлерде 8°С жылы болады. Ал оңтүстікте түнде 0…+5°С, кей жерлерде 0°С, күндіз +10…+15°С, кей жерлерде 20°С дейін көтеріледі.

Батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында күн суытады, түнде 0…-5°С суық, күндіз +5…+10°С дейін жылы болады. Орталық және шығыста бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің ортасында түнде -3…-8°С, кей жерлерде 11°С дейін суық, ал күндіз +5…+10°С жылы.

«Бірінші және үшінші онкүндіктің басында солтүстік, орталық және шығыста сынап бағанасы +8…+13°С дейін, кей жерлерде +18°С дейін көтеріледі. Еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде күн +20…+25°С, кей жерлерде +15°С, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде +30°С дейін жылынады», -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, оңтүстік-батыс және орталықтың кейбір жерлерінде нормадан төмен, ал шығыс пен оңтүстік-шығыстың кейбір аймақтарында нормадан жоғары болады деп болжануда.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.