Гран-При турнирі. Елдос алтын, Галбадрах күміс алды

0 0

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-При турнирінде Елдос Сметов топ жарды. Ал қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг күміс жүлдегер атанды.

60 кило салмақта бақ сынайтын отандасымыз жарысты аса сәтті өткізді. Алғашқы белдесуінде әзербайжандық дзюдошы Оруж Вализаданы ұтты. Одан кейін болгар Валентин Алипиевті таза жеңіп шықты.

Ширек финалда бразилиялық Фелипе Китадайғамықтылығын мойындатты. Жартылай финалда Ұлыбритания спортшысы Эшли Маккензиді иппон ұпайымен ұтып, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде Елдос өзбек спортшысы Кемран Нуриллаевты да иппонмен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг күміс жүлдеге қол жеткізді. 48 кило салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошы қыз финалда косоволық спортшы Дистра Красникиге жол беріп алды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.