Дариға Назарбаева президент сайлауына түспейді

0 0

Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева  кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.